Атырауда экологияны ластаған мұнай компаниясы 923 млн теңге айыппұл арқалады

Ғалиасқар Думан

Атырауда «Жылыой Болашақ» ЖШС рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Мәселен, 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған.

"Осы факті бойынша «Жылыой Болашақ» ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді", - деп жазды Атырау облысының прокуратурасы.

Айта кетейік, бұдан бұрын «АрселорМиттал Теміртау»  компаниясына 5,5 млн теңге айыппұл салынған. Компания кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажыратқаны анықталды.