Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі – еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет.
Алматы ТЖД баспасөз қызметі электршінің жеке компанияда жұмыс істегенін хабарлады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электрмонтаждау жұмысын жүргізіп жатқан жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап мерт болған.