Бүгіннен бастап Астана көшелерінің бірі жабылды

Айнель Аянова

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өндіріс көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Жөндеу жұмысына байланысты 17-20 қазан аралығында Солтүстік айналма жолдан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын LRT құрылысына байланысты Сығанақ көшесі қысқа дейін жабылатыны хабарланған.