Қазақстандық жас инженер Ұлыбританияның Корольдік комиссиясының мүшесі болды

Ғалиасқар Думан

Жас инженер Санжар Тайжан  Ұлыбританияның Корольдік комиссиясының мүшесі атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

“Ұлыбританияның Корольдік комиссиясының мүшесі болу және марапатын алу – мен үшін үлкен мәртебе. Комиссияның қазіргі басшысы –  Жоғары Корольдік мәртебелі Анна ханшайым. Комиссия өзінің қызметі тарихында әлемге Нобель сыйлығының 15 иегерін сыйлаған. Global Talent Visa-сына лайық болу да жоғары мәртебе”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Республикалық физика-математика мектебін, Ұлыбританиядағы Кембридж колледжін, сондай-ақ машина жасау және инженерия саласындағы әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Уорик университетін тәмамдаған талантты инженердің командасы 2019 жылы Илон Маск жариялаған SpaceX Hyperloop Pod Competition байқауына қатысып, топ-50 қатысушының қатарына енген болатын.

Ал биылғы жылдың көктемінде Санжар Тайжанның командасы The Boring Company мен SpaceX компаниялары ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауында үшінші орынға қол жеткізді.