Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының жастары «Жашыкөл» учаскесінде эко-марафон ұйымдастырды. Тазалық еріктілерін аудан орталығының тұрғындары да қолдады. Олар, бірге 15 қап қоқыс жинап, туған ауылының тазалығын сақтауға үлес қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.