Жанар-жағармай дефициті ашкөз топтың «дәстүрлі ойынына» айналып барады

Ulysmedia

2021 жылғы жанар-жағармай дағдарысы 2017 жылғы жағдайдан аумайды. Триггер, бағалардың шарықтап шыға келуі және жауапты шенеуніктердің үйіп-төккен уәдесі – бәрі бірдей. Айырмасы жылдары ғана әртүрлі. Басқаша айтқанда, бұл – халықты ақымақ қылып, нақты бір топтың қалтасын қампайтудың жолға қойылған үлгісі.

Коллаж: ulysmedia.kz

2017 жылдың қазан айында сол тұстағы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жанар-жағармай дағдарысына байланысты энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялап, оның оның орынбасары Әсет Мағауовты жұмыстан шығарып жіберді. Ең қызығы, Мағауов «қуылған» сол орынтағына 2019 жылдың сәуірінде қайтып оралды.

ЖАҢА МАУСЫМ – ЕСКІ ЖЫР

Алдымен, жылдағы «жырды» салыстырып көрелік:

2017 жылғы сценарий:

  • «Эйр Астана» елде авиакеросиннің жоқтығы туралы мәлімдеме таратып, осының салдарынан кейбір рейсті тоқтататынын хабарлайды. (бұл - триггер);
  • Ізінше ол ақпаратты ҚМГ мен энергетика министрлігі жоққа шығарады;
  • РФ-дан (ол жақта баға жоғары) дизель мен бензин жаппай кіріп жатыр деген желеумен бензиннің бағасын көтеру керектігі туралы қоғамға ақпарат таратылады. Бұл дефицитке алып келді деген пікір қалыптастырады;
  • Энергетика министрлігі жанар-жағармай жетіспеушілігі барын мойындайды да, тұтыну көлемі бірнеше рет өскенін аргумент ретінде пайдаланып, жағдайды реттеу үшін МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырады;
  • Осылайша, РФ-дан 100 мың тонна тасымалданды.

2021  жылғы сценарий:

  • «Эйр Астана» елде авиакеросиннің жоқтығы туралы мәлімдеме таратып, осының салдарынан кейбір рейсті тоқтататынын хабарлайды. (бұл - триггер);
  • Ізінше ол ақпаратты ҚМГ мен энергетика министрлігі жоққа шығарады;
  • Бензин бағасы өседі, ал қоғамға РФ-дан (ол жақта баға жоғары) дизель мен бензин жаппай кіріп жатыр деген желеумен бензиннің бағасын көтеру керектігі туралы ақпарат таратылады. Бұл дефицитке алып келді деген пікір қалыптастырады.
  • Энергетика министрлігі жанар-жағармай жетіспеушілігі барын мойындайды да, тұтыну көлемі бірнеше рет өскенін аргумент ретінде пайдаланып, жағдайды реттеу үшін МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырады.
  • Осылайша, РФ-дан 100 мың тонна тасымалданды.

ҚОРЫТЫНДЫ: сценарий бір-бірінен аумайды, тіпті РФ-дан келетін көлемге дейін өзгермеген.

БАҚ НЕГЕ ҮНСІЗ?

Бұл жағдайды ресейлік БАҚ нақты түсіндіріп берген болатын. Ол елде 2017 жылғы жанар-жағармай дағдарысының себептерінің байланысы нақты жазылған. Өкінішке қарай, Қазақстанда бірде-бір БАҚ ең негізгі проблемаға назар аударған жоқ.

Фото: Кирилл Молодцов

Ресей энергетика министрі Кирилл Молодцов 2017 жылдың 18 қазанында Санкт-Петербургте өткен ресейлік-британдық шикізат диалогының кулуарында Ресей жанар-жағармай жетіспеушілігі мәселесін реттеу үшін Қазақстанға көмектесе бастағанын, осы айда ресейлік тараптан қосымша 100 мың тонна жіберетінін мәлім етті. Жанар-жағармайдың әр түрінің жетіспеушілігіне байланысты жағдай республикада бір айдан бері сезіліп келеді. Өкінішке қарай, бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес: кейінгі жылдары мұндай ахуалды Қазақстан «қашып құтылмайтын» мәселеге айналып барады.

ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ СЫЛТАУЫ

Бұл жолы даудың басы қыркүйектің соңында «Эйр Астана» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәлімдемесінен басталды. Әуе компаниясы авиациялық керосиннің жетіспеушілігі салдарынан Қазақстанда тұрақты әуе рейстері орындалмай қалуы мүмкін деп ақпарат таратты. «Эйр Астана» баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жетіспеушілікке ресейлік тасымалдаушылардың («Газпромнефть» ЖАҚ, «Роснефть МК» ЖАҚ, «Лукойл» ЖАҚ, «Татнефть» ЖАҚ) экспортты азайтуы және жоспарлы жөндеу-алдын алу жұмыстарына байланысты Шымкент мұнай-өңдеу зауытының жанар-жағармай өндірісін тоқтатуы себеп болған.

Кейін энергетика министрлігіне авиаотын жетіспеушілігі барын мойындауға тура келді. Алайда бұл аса қауіпті жағдай емес екенін түсіндіріп бақты ЭМ өкілдері. Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, жанар-жағармай қоры өз өндірісіміз бен ресейлік компаниялардың тасымалдауының арқасында толықтырылады. Ресейден экспорттың болатынын өз тарапынан РФ энергетика министрінің орынбасарының өзі К.Молодцовпен расталған.  Молодцов Ресей тарапынан авиаотын жетіспеушілігі мәселесі туындамайтынын, Қазақстанның энергетика министрлігіне 2018 жылғы тасымал ұсынысы жолданып қойғанын мәлім еткен.

Энергетика министрлігінің түсіндірмесі (қазан айының соңында бензин бағасы қалыпты жағдайға оралатынына уәде берген) сендіре қоймайтын, ақталуға жақын сылтауға ұқсап кетті: алдымен Атыраудағы, кейін Павлодардағы МӨЗ уақытша жұмыс істемегеніне сілтей отырып, министрлік шілде мен қыркүйек аралығында тұтынуда едәуір өсім байқалғанын, ресейлік бензинді сатып алуда баға өсіп кеткенін, сонымен бірге доллар бағамы өзгергенін (әлбетте, көтерілгенін) хабарлады.

ЖАУАБЫ ЖОҚ СҰРАҚТАР

Не себепті жанар-жағармайдың жыл сайын тұтыну көлемінің өсімі Қазақстанның энергетика министрлігі үшін тосынсыйға айналып шыға келеді. Не себепті Қазақстанның бір емес, екі МӨЗ-і дәл осы кезеңде жаңғыртуға жабыла қалады. Неліктен бензинді қазір экспорттауға тыйым салынғанына қарамастан, республика әлі күнге дейін 30% (тіпті кейбір мәліметтерге сәйкес, 40% дейін) деңгейінде Ресей бензиніне тәуелді болып отыр?

«За рулем – Казахстан» журналының бас редакторы Алексей Алексеевтің есептеуінше, жыл сайын жанар-жағармайдың жетіспеушілігінің туындауы – өте жіті жоспарланған акция. Оның артында мұнай компаниялары, ірі жанар-жағармай бекеттері және олармен үлестес құрылымдар тұр. Бұл «ойынды» олар жап-жақсы табысқа айналдырып алған.

Фото: Алексей Алексеев

2019 жылдың сәуірінде Әсет Мағауов Болат Ақшолақовты ысырып, тағы да энергетика вице-министрі болып шыға келеді. Энергетика вице-министрі немесе  KAZENERGY қауымдастығы басшысының орынтағында бірін-бірі ауыстыру жағдайы бұрын да қайталанған.