«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: күткен үміт неге ақталмай жатыр

Ulysmedia

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы кейінгі кезде қоғамда көп сұрақ туғызып жатыр. Әсіресе, аудиторлардың өңір әкімдіктері дайын мектептерді бастапқы сметадан 36% артық бағамен сатып ала салатыны тіптен «қызық». Ulysmedia.kz осы ұлттық жоба қалай іске асырылып жатқанына үңіліп көрді.

Коллаж: ulysmedia.kz.

"Жайлы мектеп" жобасын іске асыру міндеті "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-қа жүктелген. Дәл осы ұлттық компанияға қай аймақта қанша мектеп салу керектігін айқындау тапсырылған. Ең бастысы – 2026 жылға дейін кемі 740 мың оқушы мектепке сиятындай талапты орындау еді.

Мемлекет осы жоба арқылы апаттық деп танылған әрі үш ауысымды мектептерден құтылғалы отыр.

Ыңғайлы болу үшін тіпті ЕРS келісімшарттар жүйесі енгізілген. Яғни, мектеп салушылар партасына дейін жайнап тұратын білім ордасының табыстауға міндетті. Осылайша, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ тапсырыс беруші болса, құрылыс компанияларының консорциумы оған дайын мектепті тапсырады.

Дайын мектептердің құны 36% қымбаттады

Жоғары аудиторлық палатада (ЖАП) осыдан біршама уақыи бұрын президенттің шенеуніктерге қойған міндеті қалай орындалып жатқанын тексеріп көрген екен. "Әңгіменің" басы осыдан шықса керек. Жоспар бойынша – тапсырыс беруші бірыңғай жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеп, бұл бағытта қаржы шығындамас үшін сол мектепті салушы компанияларға беруі керек еді. Бірақ бұл іс орындалмапты, өйткені ЖСҚ-ны әзірлеу міндеттері құрылысшылардың мойнына ілінген. Мұның арты бұл сметаны жасауға жұмсалатын шығыстардың әр мектеп бойынша 3% - ға дейін немесе жалпы 26 ЖСҚ-ға 45 млрд теңгеге өсуіне апарып соққан.

Ал кейбір мектептердің құрылысы, тіпті бекітілген ЖСҚ және оларға оң қорытындылар берілмеген күйі басталып кеткен.

Сонымен қатар, аудиторлар дайын мектептер сметалық құнынан шамамен 36% немесе есептік құнынан 2,1 млрд теңгеге артық сатып алынғанын анықтады.

Бұл ретте мемлекеттік сатып алу ережелері үш рет қайта бекітіліп, оларға түзетулер 2 рет енгізілген. Мұның бәрі мемлекеттік сатып алуларға қатысу және осы рәсімдердің ашықтығын сақтау үшін тең мүмкіндіктер бермеу қаупін туғызатыны анық.

Мектептер қайда?

Жоғарғы аудиторлық палатаның мәліметтері бойынша, 2024 жылдың 5 наурызында құрылысы былтыр басталған 208 мектептің тек 72-нің бірінші қабатынан жоғары тұрғызылған. 42 мектептің іргетасы қаланған. Тағы 47 мектептің негізі дайындалып, тек 35 білім ордасының құрылысы аяқталған. Осы уақытқа дейін мектеп құрылысына арналған 12 жер учаскесі бойынша проблема шешілмеген.

Samruk-Kazyna Construction жоспарына сәйкес, 1 қыркүйекке қарай 98 жайлы мектеп тапсырылуы керек. Ал қалған 110 мектеп 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін салынуы тиіс. Бірақ компания өзінің уәдесін айтқан мерзімінде орындай ала ма, жоқ па белгісіз.

Ал жалпы 2024 жылы барлығы 217 мектептің құрылысы аяқталуы керек.

"Жайлы мектеп" жобасын іске асыруға 2023 жылға 500 млрд теңге, 2024 жылға 976,3 млрд теңге, 2025 жылға 909,4 млрд теңге бөлінген. Жалпы, бүкіл ұлттық жобаға бюджеттен 2,3 трлн теңге жұмсау жоспарланып отыр. Десе де, аудиторлар 2024 және 2025 жылға қаржы жетпей қалады деген қорытынды жасаған.

Еске сала кетейік, ЖАП өкілдері былтыр да ұлттық жобаның орындалуын сынға алып, мемлекеттік сатып алу ережелерінің сақталмай жатқанын айтысқан еді. Сөйте тұра жалпы ұлттық жобаларға 2,6 трлн теңгелік үлкен сома бөлінді.

Жайлы мектептер деген жалпы қандай болады?

Ұлттық жобаның операторы білім ордасының қандай болатынын түсіндіру үшін виртуалды 3D мектеп турын жасапты. Ол жобадан ашық сұр қабырғаларды, аппақ еден мен ағаштан жасалған қоңыр түсті жиһаздарды көруге болады.

Мысалы, 300 орындық мектептің ең кішкентай жобасында ашық көк қабырғалары, үлкен бөлмелері, ойыншық шкафтары және сурет тақтасы бар ойын бөлмелері бар.

3D модельден сіз сондай-ақ қара қоңыр түсті кітапхананы, станокпен және қара-жасыл перделермен хореографияға арналған үлкен жарық залды, сондай-ақ үш кішкентай терезесі бар қараңғы акт залын көре аласыз. Стерильді аппақ қолжуғыш пен интерактивті тақтасы бар музыка залы, бірдей алғашқы әскери дайындық кабинеттері бар.

Барлық сыныптар аппақ әрі кең. Артық ештеңесі жоқ.

Робототехника кабинетін де көруге болады. Бөлме бойында ұзын қоңыр үстелдер мен орындықтар бар. Информатика кабинетінде әр адамға арналған компьютерлік үстелдер және интерактивті тақта қарастырылған. Биология кабинетінде біртүрлі құрылымдар екі адамға арналған үстелдер, ал ортасында қолжуғыш бар. Неге екені тапсырыс берушілердің өзіне мәлім.

Екі унитазы бар әйелдер мен ерлерге арналған әжетхана бар. Аздау емес пе? Шынында да, үзілісте мектеп оқушыларының көпшілігі әдетте дәретханаға асығады.

2 мың орындық мектептің ең үлкен жобасында бірінші қабатта турникеттері бар үлкен жарық залы, ашық сұр түсті дәліздер және витраждары бар үлкен ақ асхана бар.

300 орындық жобадағыдай ойын бөлмелері, сондай-ақ көк және қоңыр түстердегі үлкен спорт залы, акт залы және кітапхана бар. Барлық басқа кеңселер ұқсас, өлшемі сәл үлкенірек.

Аздаған сандар

Еске сала кетейік, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы - президенттің 2022 жылы халыққа Жолдауында айтылған бастамасы. Жобаны 2023-2025 жылдар аралығында іске асыру көзделген.

Сарапшылардың болжауынша, алдағы 10 жылда елге 1 мыңға жуық жаңа мектеп қажет болады. Бұған демографиялық өсім мен мектептердің ескіруі себеп болып отыр. Мектептердің көбі қалаларда сезілуі мүмкін.

Айта кетейік, қазір Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қаласында мектеп мәселесі күрделеніп тұр.

Байтас Құрманов