Telegram-ның шипасы бітті ме немесе Қазақстан неге қамаудағы Дуровтың мессенджерін қолай көреді

Сырым Қаржас

Сенбі күні кешке Францияда Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желінің бірі – Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қамауға алынды. Жаңалық агенттіктерінің хабарлауынша, ол жергілікті құқық қорғау органдарына қырын қарап, Telegram-да модерацияның болмағанына байланысты ұсталған.

Француз полицейлері бұл екі факт Дуровтың мессенджерін – терроризм, есірткі таратуда, балалар порнографиясы сынды қылмыстарға серіктес етті деп санайды. Telegram қолданушылары Павел Дуровтың ұсталуы оның "авторлық" TON криптовалютасының күрт төмендеуіне апарып соқтырғанын атап өтеді. Кейбірі тіпті мессенджердің "күні батты" болжайды. Бұл болжамдардың қаншалықты рас екенін Ulysmedia.kz тілшісі анықтап көрді.

Павел Дуров

Серіктестік әлеуеті

Дуровтың тұтқындалғаны жөнінде жаңалық жұрттың жағасын ұстатты десе де болады. Өйткені Telegram мессенджерінің тек Қазақстанның өзінде 8 миллионнан астам белсенді пайдаланушысы бар. 2023 жылы қосымша елдегі барлық мессенджер ішіне жүктеу саны жағынан қара үзіп шықты.

Осы жазда Павел Дуров елімізге бейресми сапармен келген-тін. Сол тұса тіпті шенеуніктерді қосып, бизнес-монополия өкілдерін де дүрліктірген. Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев Павел Дуровпен кездескеннен кейін журналистерге бірлескен жобаларды жүзеге асыруға үміттенетінін айтқан еді. Ал Қазақтелеком басшысы Бағдат Мусин транзиттік операторларсыз тікелей желілер арасында трафик алмасу есебінен танымал мессенджердің сапасы мен жылдамдығын жақсартуға уәде берген.

Павел Дуровтың өзі өзінің Telegram арнасында былай деп жазды:

– Біз Қазақстан халқы үшін негізгі коммуникациялық платформа ретінде қызмет ететінімізді мақтан тұтамыз әрі оның жедел экономикалық, цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала береміз деген үміт бар.

Мессенджердің тең құрылтайшысының айтуынша, Қазақстанда Telegram қолданушыларының саны 2024 жылы артып, елдегі басты коммуникациялық платформаға айналған.

– Ай сайын Telegram 20 миллион халықтың 12,5 миллионы пайдаланады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 25% артық, - деді Дуров.

Әлемдік үстемдікке жақын 

Сәуір айында Tribune.kz сайтында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде жарнама, маркетинг және PR-ға арналған Telegram мессенджерінің "әлемді жаулап алу" тарихы жөнінде қызықты ақпарат пайда болды. Бұл портал Telegram 2013 жылы құпия байланыс үшін мессенджер ретінде басталып, кейіннен нарық көшбасшыларының біріне айналғанын хабарлайды.

Мессенджердің жетістігі асыра бағаланды деп айту тағы қиын. Іске қосылған соң үш ай ішінде Telegram 1 миллион рет жүктелді. 2013 жылдан 2014 жылға дейін Telegram аудиториясы айына 100 мың белсенді пайдаланушыға өсті, ал 2016 жылдың ақпанында Павел Дуров мессенджерді 100 миллионнан астам адам пайдаланады деп мәлімдеді.

– Mediascope мәліметі бойынша, 2024 жылдың қаңтарында Telegram аудиториясы айына 83.72 миллион адамға өсті (бұл былтырғымен салыстырғанда 9 миллионға көп) және біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, - деп хабарлады интернет-ресурс. 

– Бүгінгі таңда Telegram-ға айына 900 миллион адам кіреді. Әлеуметтік желі әлемдегі ең танымал мессенджердің бестігіне кіреді. Бұл Telegram-ды ай сайын жер шары халқының 9,9% пайдаланады дегенді білдіреді. Күн сайын Telegram-да 2,5 миллион жаңа қолданушы тіркеледі.

Желіні кім пайдаланады

Былтыр 18 мамырда TGStat өз тарапынан Telegram-дағы орыс тілді аудиторияға жасалған ауқымды зерттеу нәтижелерін жариялады. Ол 2023 жылдың 29 наурызы мен 12 сәуірі аралығында өткізілген. Екі апта ішінде 50 000 адамнан сауалнама жиналды. Пайдаланушылар 90+ сұраққа жауап берді. Барлығы 800-ден астам серіктес арна тартылды. Осылайша, талдаушылар Telegram-ның орташа пайдаланушысының портретін жасады..

Зерттеу орыс тілді арналар арқылы жүргізіліп, одан да қызықты факттер пайда болды: сауалнамаға қатысқан орыс тілді пайдаланушылардың 15% Беларусь, Өзбекстан, Украина, Қазақстан және әлемнің тағы 90 елінде тұратыны анықталған. 

Сұхбатта анықталғаны: стандартты Telegram арнасында әйелдерге қарағанда ерлер көп. Бірақ Telegram неғұрлым танымал болса, гендерлік алшақтық соғұрлым аз болып шыққан. 2019 жылы мессенджерді әйелдердің тек 33%, 2021 жылы 39% пайдаланған. Ал 2023 жылға қарай олардың үлесі 42% дейін өскен. Әйтсе де, көптеген әлеуметтік платформада жағдай бұған кереғар.

Telegram қолданушыларының жас диапазоны 25 пен 34 жас аралығы. Олардың үлесі шамамен 30%. Telegram-да ересек және жас аудитория бар. 35 жастан асқан пайдаланушылардың үлесі 40%-дан 45% дейін өскен. Telegram ұзақ уақыт бойы "тек прогрессивті мессенджер" болуды тоқтатты. Жас бойынша қарағанда өнімнің жаппай сұранысқа ие екені белгілі болды: мессенджерді мектеп оқушылары да, зейнеткерлер де қолданады. 

Мессенджер пайдаланушыларының көпшілігі - сауалнамаға қатысқандардың 62% жоғары білімі бар. Оқушылар өте аз, тек 6%. Студенттер - 9%. Нәтижелер Telegram қолданушыларының жасы туралы тұжырымдармен сәйкес келеді: мессенджердің танымалдығы артқан сайын оған білімді және ересек аудитория көбірек келе бастаған.

Ол алыстағы нені көздейді

Сауалнамаға қатысқандардың көбі – мессенджерді бұрыннан қолданып келгендер. 22% соңғы екі жыл ішінде Telegram-ға тіркелген. Үш жылдан бес жылға дейін оны сауалнамаға қатысқандардың 43% пайдаланады. Бес жылдан астам уақыт пайдаланғандар үлесі – 35%.  Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 40% Telegram-да боттарды пайдаланса, жартысынан көбі топтық чаттарда сөйлескенді жөн көреді.

Сонымен қатар, Telegram корпоративті ортада жиі қолданыла бастады: 2023 жылы сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам осы мессенджер арқылы әріптестерімен байланысады. Клиенттермен және мердігерлермен байланыс үшін Telegram-ды пайдаланушылардың 26% таңдайды.

Мессенджер пайдаланушылары арналарға көбірек жазылып жатыр. Егер 2021 жылы сауалнамаға қатысушылардың үштен бір бөлігі ғана 25-тен астам арнаға жазылса, қазір әрбір төртінші адам 50-ден астам арнаға жазылған.

TGStat мәліметтері бойынша, орыс тілді Telegram-да 700 000-нан астам арна бар. Олардың иелері пайдаланушының назарын аудару үшін күреседі, өйткені бәсекелестік өте жоғары. Бір қызығы, ең қымбат Telegram лақап аты (@news) 994 мың долларға сатылған. Telegram арналары әкімшілерінің 69% жарнамадан, 38% өз тауарларын немесе қызметтерін сатудан, 15% серіктестік бағдарламалардан табыс табады.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі үнемі 10 арнаны оқиды. Қазіргі контентті тұтыну әдеттері 2021 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен үш бөлігі жазылымдар санының айтарлықтай өсуіне қарамастан 15 арнаға дейін оқиды.

Сауалнамаға қатысқандардың 85% - ы елдегі және әлемдегі оқиғалар туралы жаңалықты Telegram-нан біледі. Әрбір екінші қолданушы саяси арнаға, ал үшіншісі атақты адамдардың арналарына жазылған. Көптеген пайдаланушылар достары мен жақындарының микроблогтарын оқи бастады: 2021 жылы олардың тек 27% сондай болса, бүгін де олардың үлесі – 45%.

Сауалнама барысында TGStat Telegram танымалдығы неғұрлым күшті болса, соғұрлым жеке микроблог авторлары аз танымал немесе бұғатталған сайттардан мессенджерге ауыса бастады. Дәл осындай үрдісті жұмыс коммуникациясы саласында да байқауға болады, мұнда компания қызметкерлеріне арналған жұмыс арналарының санаты пайдаланушылардың 13% - дан 19% - на дейін өсімді көрсетеді.

Сауалнамаға қатысқандардың 73% Telegram-дағы белгілі бір қоғамдық авторларға сенетінін растады (сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі тек оларға сенеді). 

– Жаңалық арналары мен бұқаралық ақпарат құралдары көптен бері көпшіліктің көз алдында шындықтың негізгі көзі болып саналмайды, белгілі бір автордың жеке брендіне көбірек назар аударады, - дейді сайт сарапшылары.

Telegram-ды кім жақсы көреді 

TGStat құрастырған қазақстандық Telegram-арналардың рейтингі керісінше мәліметтерді көрсетеді. Жетекші орындарда – Марғұлан Сейсембай, Михаил Козачков, Ербол Еділов, Бейбіт Әлібеков пен Tengrinews.kz, Zakon.kz, NUR.KZ, Atameken Business секілді арналар жетекші орынға ие.

Шығу тегі мен авторлығын анықтау оңайға түспейтін, әсіресе арнайы қызметтер тегін анықтай алмайтын пабликтердің жайы тіптен қызық. Бүгінгі күні бұл мессенджерде ақпарат көздері мүлдем белгісіз болатын көптеген арналардың пайда болғаны да содан болар!? Олардың ішіндегі ең танымалдары: Злобная татешка, Нурсултанский соловей, Беркут под солнцем, Чемодан госсекретов, Преемник және тағы сол сияқты пабликтер бар. Солардың көбі Кремльдің ықпалында да деген де ақпарат бар.

Бұл музыканың, фильмдердің, сериалдардың және басқа да ойын-сауықтардың көптеген Telegram арналарын, сондай-ақ тұтыну тауарларынан бастап олигархтарды азғыру курстарына дейінгі әртүрлі өнімдерді сататын дүкендерді есептемейді. 

Елдің ең танымал қосымшасыда құпиялылық қылмыстың да артуына ықпал еткені өтірік емес. Жақында ғана Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде жаңалықтар тарады – қаржы мониторингі агенттігі 55 телеграм-арнаны жапқанын жариялады. Олар – тыйым салынған заттарды сататын Telegram-арналар. Олардың жалпы айналымы 48 млрд теңгені құраған. 

Келесі күні Telegram және WhatsApp мессенджерлерінің жұмысында Ресей мен Өзбекстанда күтпеген сәтсіздік орын алды. Бұл біртүрлі кездейсоқтық емес пе?
 
– Ресейдегі интернет-сервистердің жұмысындағы сәтсіздік байланыс операторларына DDoS шабуылымен байланысты болды — бұл қазірдің өзінде көрініс тапты-Роскомнадзор жағдайға (Ресей Федерациясының байланыс саласындағы бақылау мен қадағалауға жауапты федералды кеңсесі) түсініктеме берді. Сервистердің дұрыс жұмыс істемеуі және оның себептері туралы қазақстандық билік органдарының немесе байланыс операторларының өкілдерінен ресми мәлімдемелер болған жоқ.

Жоғарыда айтылған мәселелер Telegram-ның құпиялылығы "таңдамалы" сипатқа ие екенін білдіре ме? Бұл сұрақтың жауабын бір берсе – Павел Дуровтың өзі ғана берер еді. Мессенджер қолданушылары өз пікірлерін айта жатар. Ал кешелі бері енді "Тelegram енді бұрынғыдай болмайды" деген әңгіме желдей есіп жүр...