Елімізде мемлекеттік қызметшілер неге халықтың құрметіне ие бола алмай жүр, елдегі кадр резервіне арналған бағдарламалар неге өзін ақтамайды деген сауалдарға Ulysmedia.kz жауап іздеп көрді.
Мемлекеттік қызметкер болу деген – естігенде атағы дардай болғанмен, шын мәнінде оңай жұмыс емес. Еңбек кодексінде белгіленген бір жұмыс күні 8 сағат дегенің тек қағаз жүзінде, шынтуайтында бұдан да көп уақытыңды алады, жалақысы да мардымсыз, оның үстіне жүйкені тоздыратын бітпейтін міндеттер мен түсініксіз бұйрықтар және бар. Сондықтан көпшілігі әкімдіктер мен ведомстволарға тек уақытша баспалдақ ретінде келеді, тамыр-таныс тауып, кейін жайлы орынға ауысуға тырысады. Бұлардың қатарына саяси корпус қызметкерлері саналатын министрлер мен әкімдерді қоспай отырмыз. Өйткені оларға артылған жауапкершілік жоғары, сондықтан олар қай кезде де алдыңғы шепте сақадай сай тұруы тиіс. Дегенмен олар да, олардың орынбасарлары да, түрлі департаменттердің басшылары мен мамандары да үлкен бір құрылым – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылауында.
Бұл агенттік көптеген департаменттерден тұрады, олардың қызметкерлері мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктейді, олардың жұмысын бақылайды және тексереді. Айтпақшы, заң бойынша министрлер де осы агенттіктің іріктеуінен өтеді – олар мемлекеттік тілді, этикалық нормаларды және заңды қаншалықты жетік білетінін анықтайтын тест тапсырады.
2022 жылдан бері бұл агенттікті Дархан Жазықбай басқарады. Оның қарамағында 4 орынбасар, 11 департамент пен хатшылықтың қызметкерлері, 2 басқарма, 20 аумақтық департамент және тұтас Мемлекеттік басқару академиясы жұмыс істейді. Яғни, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қазақстандық шенеуніктердің бас штабы іспетті.
Елімізде мемлекеттік қызметшілер неге халықтың құрметіне ие бола алмай жүр, елдегі кадр резервіне арналған бағдарламалар неге өзін ақтамайды деген сауалдарға Ulysmedia.kz жауап іздеп көрді. Сонымен қатар ақпараттық портал мемлекеттік қызметке қанша бос орын бар, неге басшылық қызметтерге мемлекеттік тілді білмейтін әрі салалық білімі жоқ тұлғалар тағайындалады, агенттікке жыл сайын қанша қаражат бөлінеді деген сұрақтарға жауап іздеді.
РЕЗЕРВТЕГІЛЕР
Редакция бұл сұрақтарды ресми сауал ретінде рәсімдеп, Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайға жолдады. Мемлекеттік қызметке іріктеу департаментінің директоры Талант Медет редакция жолдаған сауалдарға жауап берді:
Президенттік жастар кадр резерві іске асырылған уақыттан бері 400 адам іріктелді (2019 жылы – 300, 2021 жылы – 50, 2023 жылы – 50), олардың 315-і мемлекеттік қызметке орналасты.
Яғни, Агенттік үш жылда мемлекеттік қызметке 315 адам ғана орналастырған. 85 резервтегі маман жұмысқа орналаса алмады.
Айта кетерлігі, 2023 жылы резервке іріктеуге 30 мың адам қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінен тек 6404 адам толық құжат пакетін тапсырған. Нәтижесінде резервке бар болғаны 50 адам ғана өткен.
ТӘЖІРИБЕ
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу – абыройлы әрі тиімді мансап жолы деген түсінік ескірді, дейді Ulysmedia.kz порталына бұрынғы шенеунік Тимур Әбілов.
Бұрын мемлекеттік қызмет армандардың шыңы саналатын. Бірақ қазір білімділік пен диплом ешқандай рөл атқармайды. Жалақы жүйесі – қисынсыз тарифтік кестеге негізделген. Жалпы, бүкіл жүйе тиімсіз. Сондықтан мемлекеттік қызметте көбіне мансап үшін ғана жұмыс істейтіндер қалады, себебі бұл жерден табыс табуың қиын, тіпті мүмкін емес деп айтар едім. Менің достарымның бәрі – бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер, тек біреуі ғана қалды, ол бір министрліктегі комитет төрағасы. Біз қалжыңдап, «егер жұмысымызды жалғастырғанда, қазір министр болып отырар едік» деп күлеміз. Жақында бір адам вице-министр қызметінен бас тартты. Бұл – өте ауыр әрі мазасыз жұмыс, сонымен қатар қауіпті де, өйткені қазір оларды қамау сәнге айналған. Сондықтан мансап баспалдағымен көтерілуге ешкімнің ынтасы жоқ.
Мемлекеттік қызметтің беделі соншалықты төмендеп кеткен, қазір оны кез келген адам сынай алады, ал шенеуніктер оған жауап қайтара алмайды. «Сен мемлекеттік қызметкерсің, сондықтан шыдауың керек», – деп түсіндірді Тимур, ол бұрын әкімдіктер мен Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.
«АДАМҒА БАҒДАРЛАНҒАН» ЖҮЙЕ
Ал Агенттік өкілі Талант Медет бұл мәселені басқаша сипаттайды:
- Агенттік мемлекеттік аппараттағы адами капиталды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдауда, басты назар «адамға бағдарланған» жүйеге негізделеді.
«Адамға бағдарланған» жүйе – бұл қызметкердің пікірі, қажеттілігі мен мүддесіне назар аудару арқылы мақсаттарға жетуге бағытталған қарым-қатынастар жүйесі.
Сонымен қатар ол 2022-2024 жылдар аралығында 92 нормативтік-құқықтық акт қабылданғанын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі жаңартылғанын жеткізді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта да этикалық стандарттарды сақтауы қажет екенін алға тартады. Бұл жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды ұстану және қоғамға қарсы мінез-құлықтарға жол бермеу талаптарын қамтиды. Алайда, Агенттік бұл талаптарға ерекше көңіл бөлудің нақты себептерін түсіндірмеді.
ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі Жарлығы әлдеқайда нақты әрі түсінікті. Мемлекет басшысы жастардың мемлекеттік қызметке келуіне кедергі болатын факторларды азайтуды ұсынды. Жаңа мемлекеттік қызмет моделі халықтың сеніміне ие болуы тиіс және азаматтарға мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік қамтамасыз етуі керек.
Мемлекеттік қызметкердің еңбегі нақты регламенттелмеген. Жүздеген нормативтік актілер, жарлықтар, заңдар бар – бірақ жұмыстың өзі үздіксіз әрі бүкіл ұжымның қатысуымен шұғыл жасалуы керек. Жақсы мемлекеттік қызметкер деп бір-біріне қайшы келетін заңдар мен ережелердің арасынан жол таба алатын адамды айтады. Кейде бір заң екіншісіне қайшы келеді. Бірақ мемлекеттік органдар қабылданған жаңашылдықтың дұрыс еместігін түсіну үшін бір-екі жыл уақыт жұмсайды, ал бизнесте мұндай нәрселер бір апта ішінде анықталады. Бұл – мемлекеттік қызметтің тиімсіздігінің негізгі себептерінің бірі, - дейді бұрынғы шенеунік Тимур Әбілов.
2024 жылғы 17 шілдеде күшіне енген Президент Жарлығында мемлекеттік қызметті тартымды ету үшін мынадай шаралар қарастырылған:
Жаңа реформалар мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге қаншалықты әсер ететіні әзірге белгісіз. Бірақ қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесі кадр тапшылығы мен мотивацияның төмендігі сияқты күрделі мәселелерге тап болып отыр.