Қоғамда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолында күрес күнде жүріп жатыр. Тіпті 30 жылдан бері! Бұл күрес әртүрлі деңгейде биыл да көрініс берді – тілге байланысты даулар қоғамды тағы екіге жарған кездер аз болмады. Бірақ биылғы күресте қазақ тілді ортаның үні қатқыл, мысы басым шықты ма дейміз.
Осы жылы қазақ тілін қолдауға бағытталған тың жобалар көп болды.
2023 жылды қорытындылаған кезде біздіңше, қазақ тілі мәселесі – жеке жазылуы тиіс тақырып. Ендеше, тіл мәселесімен байланысты жылдың басты жаңалықтары мен оқиғаларын шолып шығайық.