Ақкенттегі өрт: Алматыдағы тұрғын үй кешендерін тексеру неге тоқтатылды

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің өртке қарсы және сейсмикалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігін тексеру неге тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министр бұл мәселе оңай емес екенін және тұрғын үй кешендерін толық көлемде тексеруге министрлігінің өкілеттігі жеткіліксіз екенін мойындады.

"Мәселе бар, біз онымен жұмыс істеп жатырмыз. Тексеру функциялары өз уақытында тоқтатылды. ШОБ - қа қысымды төмендету мақсатында бұл тексеру іс-шаралары өте шектеулі жүргізілді және сәйкестендіру мәселесі қазір ең өзекті болып табылады, мұның бәрі жақында Ақкент" ТК-де болған өрт кезінде көрінді. Түтін шығару және өрт дабылы жүйелері тиімді жұмыс істемеді", - деді министр Ulysmedia тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ елорданың тұрғын үй кешендерінде де проблемалар бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, ТЖМ мүлік иелерінің бірлестігімен бірлесіп астананың биік ғимараттарын тексерген.

"Біз олардағы кемшіліктерді көрсеттік, ешқандай ескерту жазып қалдырған жоқпыз, өйткені әлі ресми түрде тексеруге құқығымыз жоқ. Осы жұмыстармен бірге біз көптеген ТК-да оқу-жаттығу жұмыстарын жүргіздік, біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Оқу-жаттығулар жаңа форматта өткізілуде", - деді Шәріпханов.

Сондай-ақ, ТЖМ басшысы ғимараттардың қауіпсіздігіне бірінші кезекте құрылыс салушылар жауапты екенін атап өтті. Үй пайдалануға берілгеннен кейін меншік иелерінің өздері басқарушы компаниялармен бірлесіп тиісті жағдайда ұстауға және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты болады.

Сондай-ақ, ТЖМ басшысы қазақстандық құтқарушылар тұрғын үй кешеніндегі өртті 28 қабатқа дейін сөндіре алатынын айтты. 2 қабаттан жоғары барлық ғимараттар өрт сөндіру жүйелерін орнатуға міндетті, бұл төтенше жағдай кезінде ғимараттағыларды құтқаруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда “Ақкент” тұрғын үй кешенінде 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды.

Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Кейіннен оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шеккені мәлім болды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті  "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде әйелдің қаза болуының мән-жайын айтып берді.

Бұдан бұрын  өртенген тұрғын үй кешенін салған компания мен оның басшылығы жайлы деректерді жариялағанбыз.