Макрон Тоқаевқа: Қайсыбір державаның вассалы болғысы келмейтін жолдарыңызды бағалаймыз

Аян Өрібай

Франция президенті Эммануэл Макрон Франция Қазақстанмен қарым-қатынасты жақсартуға, достықты нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Ақордадағы бүгінгі келіссөздерден кейін бірлескен құжаттарға қол қойылған соң екі елдің президенттері кездесуді қорытындылады. Екі елдің басшысы екі мемлекеттің өзара достығы, серіктестігі, қарым-қатынасы, саудасы, бірлескен жобалары туралы ойын айтқан. 

Өз кезегінде Франция президенті достықты айта келе, геосаяси мәселелерді да сәл қозғап өтті.

– Осындай жақсы қарым-қатынасты қалыптастыра алғанымыз жақсы болды. Оның рухы бар. Бұл – өзара сыйластық, өзара егемендікті нығайтуға деген ниет рухы. Бұл рух сіздің барлық жұмысыңыздан, аймағыңыздан, ел басшылығынан көрініс береді. Мен сізге әртүрлі акторлар тарапынан көрсетілуі мүмкін қысымды бағаламай отырғаным жоқ. Франция біздің өзара достықты жоғары бағалайды. Біз өзара қарым-қатынасымызды бекемдеу жолында келеміз. Қандай да бір державалардың вассалы болудан бас тартып, өз халқына қызмет қылу үшін әртүрлі мемлекетпен теңдестірілген қарым-қатынасты жолға қоюға күш салу – бұл сіздер таңдаған жол. Мұндай стратегия Францияға жақын. Біз достарды таңдай білеміз. Біз оларды құрметтейміз. Біз керек кезде сондай елдердің жағындамыз, олардың тәуелсіздігін қолдаймыз. Егер гегемон болғысы келетін державалар болса, олардың болжап білмейтіндей әрекеттер болса, осындай философиялық позицияны ұстанатын жақсы досың болған өте маңызды, – дейді Макрон.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы Франция президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамдағы кездесуінде екіжақты байланыстардың басым бағыттарын атады.Тоқаев Франция – Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды әрі сенімді серіктесі екенін айта келе, былтыр өзара тауар айналымы 30% өсіп, 4 млрд долларға жеткенін атап өтті. Биыл сегіз ай ішінде екіжақты сауда-саттық көлемі былтырғымен салыстырғанда 21 пайызға артып, 2,7 млрд долларға жеткенін айтты. Тоқаевтың сөзінше, Франция осыған дейін Қазақстанға 18,7 млрд долларға жуық инвестиция салған.

Бүгін Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макрон келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронға ілтипат білдіріп, жылы қарсы алды. Эмманюэль Макрон Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстарға жоғары баға берді.