Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен бірге БАҚ өкілдері алдына шыққан кезінде Қазақстан халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтайтынын мәлімдеді.
- Қазақстан халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтайды. Мүдделі мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынасты ұстанады. Ресей президентімен жүргізілген бүгінгі келіссөздердің қорытындысы Қазақстан мен Ресейдің көрші әлі одақтас қатынасын жан-жақты бекемдеуде екіжақты дайындық барын көрсетті, – деді Тоқаев.
Президент "халықаралық міндеттемелерге келер болсақ, әлбетте ол Ресей Федерациясына да қатысты” деп атап өтті.
- Қол жеткізілген келісімдер екіжақты стратегиялық әріптестікті ары қарай өркендетуге үлесін қосар деген сенімдемін, – деді ол.