Президенттің күзет қызметінің бұрынғы бастығы министр болды

Ulysmedia

Мемлекет басшысының жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ол бұрын министрдің орынбасары болған.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы «Құқықтану» және Азаматтық авиация академиясы, мамандығы «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану».

Мансабы: 2006-2022 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған.

ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық  медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.