"Сәннен мәнге көшеміз": Бектенов Тоқаевқа не деп уәде бреді

Ulysmedia
Ақорда

"Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз", жаңа тағайындалған Премьер-министр Олжас Бектенов Президентке осылай деп уәде берді деп хабарлайды ulysmedia.kz.

“Үкімет құрамы оған дайын. Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз. Нақты іспен айналысамзы. Нәтиже болады деп уәде берем” , – деді ол. 

Еске салайық, бүгін президент Қ.Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы жаңадан жасақталған министрлер кабинеті мен Үкімет басшысына алдағы міндеттерді айқындап берді. 5-ақпанда Әлихан Смайыловтың үкіметі оставкаға кетті. 6-ақпанда Премьер-министр болып Олжас Бектенов тағайындалды.   

Оқи отырыңыз: Бектеновтың кабмині: үкімет құрамы толық жасақталды