Ресей Украинадағы соғысқа Непалдың 15 мың азаматын жалдады - CNN

Сырым Қаржас

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін 15 мыңға жуық Непал азаматын жалдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNN сілтемесімен.

CNN

Непалдың бұрынғы Сыртқы істер министрі Бимала Рай Паудял қазіргі уақытта Ресей жағындағы майдан шебінде 14-тен 15 мыңға дейін непалдықтар соғысып жатыр деп мәлімдейді.

CNN мәліметтері бойынша, Ресей әскеріне өткісі келетін Непал азаматтары елге туристік визамен кіреді, ал Ресей үкіметі оларға ай сайын 2000 доллар жалақы және Ресей азаматтығын жедел ресімдеуді ұсынады.

Непал билігі Ресей жағында елдің 200-ге жуық азаматы соғысып жатқанын ресми түрде мәлімдеді, олардың кем дегенде 13-і майданда қаза тапты. Сонымен қатар, 100-ге жуық адам хабар-ошарсыз кетті және тағы төртеуі Украинада тұтқында болды деген ақпарат бар.

Ресей Федерациясы билігінің деректері

Ресей ФСБ мәліметтері бойынша, 2022 жылы Ресей Федерациясына 72 непалдық турист келді, өткен жылы – 1 039.

Негізгі бөлігі 2023 жылдың төртінші тоқсанында келді — үш айда 700-ден астам адам.

2023 жылдың желтоқсанында Непал Ресейден өз азаматтарын соғысқа шақыруды тоқтатуды сұрады.

Содан кейін елдің Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыста алты непалдық қаза тапты деп мәлімдеді.

Кейін Непал билігі ел азаматтарына Ресей Федерациясы мен Украинада жұмыс істеуге рұқсат беруді уақытша тоқтатқаны белгілі болды.