«Қазкоммерцбанкке»: қатысты іс: жер учаскесі мен 44,5 млрд теңгенің көлігі тәркіленді

Ulysmedia

Мүлік Алматы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет меншігіне берілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық іс шеңберінде Қазкоммерцбанктен қаражат жымқыру фактісімен қатар қаржылық тергеу жүргізіліп, сотқа дейінгі тәркілеу рәсімі болғанын хабарлады.

Сот санкциясымен ауданы 300 гектарға жуық жер мен жалпы сомасы 44,5 млрд теңгеге автокөлік құралы тәркіленді.

– Келтірілген залалды өтеу мақсатында іздестіріліп жатқан адамдардың қылмыстық жолмен өндіріп алған мүлкін сотқа дейінгі тәркілеу көзделеді. Сот шешімімен мүлік Алматы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет меншігіне берілді. Тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.