«Қатты сынамайтын шығарсыздар»: министр болып кеткен депутат

Аян Өрібай

Таяуда ғана қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Тәкиев мәжіліспен қоштасты. Ол бұған дейін парламенттегі депутаттардың бірі болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

“Алыс кеткен жоқпын”

Мәжілістің бүгінгі отырысы Тәкиевтің депутаттық өкілеттігінің тоқтауымен басталды. Оған мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов алғыс хат тапсырды.

– Бір жыл ішінде сіздермен бірге тығыз жұмыс атқардық. Көп заң қабылдадық. Өткен аптада президент оған оң бағасын берді. Ерлан Жаханұлы сізге көп рахмет! Қолдадыңыз, қолдап… қобалжып кеттік қой. Көп жұмыс атқардық. Өзіме өте бір төбе деп санаймын. Алыс кетіп бара жатқан жоқпын. Осы мінберге жиі келіп тұрамын. Қатты сынамайтындар шығарсыздар деп ойлаймын. Баршаңызға рахмет. Сау болыңыздар, – деді Тәкиев кетерінде.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан үкіметі қайтадан жасақталған еді. Премьер-министр болып Әлихан Смайыловтың орнына Олжас Бектенов келді. Бірер министр ауысқаны болмаса, Әлихан Смайыловтың кезіндегі басшылардың дені лауазымын сақтап қалды