Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенмен бірге әлемнің үздік спортшылары мен суретшілері аталған тізімге енген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңадан тағайындалған Ізгі ниет Елшілері өз дарынын пайдаланып, көші-қонның мүмкіндіктерін, көштегілерге қалай көмектесу керектігін айтып, үндеу жасайды. Аталған құрамға тоғыз Елші - сегіз адам мен бір футбол клубы енген. Олар:
Елшілер жағдайды жақсы жаққа өзгертуге тырысады. БҰҰ сайтында Димаш Құдайберген, бүкіл Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өте танымал әнші екені жазылған.
– Ізгі ниет Елшісі ретіндегі рөлімде мен мигранттардың құқықтарын қорғағанымды мақтан тұтамын. Әр адам қорғала алатын әрі мүмкіндіктерге толы ашық әлем үшін бірігейік, - дейді Димаш Құдайберген.