Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы тағайындалды

Ulysmedia

Комитет басшысын тағайындау туралы тиісті жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Не болды

Данияр Тұрғанбаев орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол туралы не белгілі

Еңбек жолын 2009 жылы жеке компанияда бухгалтер болып бастаған.

Сондай-ақ "Көлсай көлдері "мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"РММ директоры қызметін атқарды. 2021 жылдан бастап орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басшысының орынбасары қызметінде болды.