Қазақстандағы министрлердің орташа жасы белгілі болды

Ulysmedia

Қазақстандағы министрлердің орташа жасы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөз

Ең егде жастағы министр – 62,5 жастағы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Одан кейінгі қатарда 58 жастағы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен 57 жастағы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тұр.

Ең жасы – Көлік министрі Марат Қарабаев, ол 36 жаста. Одан кейінгі «жастардың» қатарын 40 жастағы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен 41 жастағы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин толықтырады.