Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы үндеу жолдады

Ulysmedia

Биыл 17 наурызда Ресейде президент сайлауы өтеді. Осыған орай Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Orda.kz

17 наурызда Бас консулдықтың аумағында (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстары, Алматы, Шымкент қалалары) сайлауға байланысты дауыс беру өтеді, - деді Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы.

Хабарламаға сәйкес, дауыс беру 08:00-де басталып, 20:00-де аяқталады.

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 4 мекен жайы бойынша Ресей Бас консулдығының ғимаратында орналасқан №8133 сайлау учаскесі мен №8134 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады, - деп мәлімдеді консулдықтан.