Президент Нұрлан Ноғаевқа бірқатар тапсырма берді

Ulysmedia

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Ақорда

Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

«Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған» - делінген хабарламада. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.