Астаналық еріктілер аналар мен қыз-келіншектерге қуаныш сыйлап жүр

Ulysmedia

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шокаладтармен қуантып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Астана әкімдігі

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Еріктілер гүл шоқтары мен шокаладты қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде әйел адамдарға сыйлап жатыр. Акция жыл сайын өткізіледі. 

 

Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін, - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыс білдірді. 

 

Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін! - деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасып жатыр. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.