Өзіне қол салған НЗМ оқушысының әкесі мәлімдеме жасады

Ulysmedia

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өз-өзіне қол салған 8-сынып оқушысының әкесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының баспасөз қызметінің мәліметінше, Виктор Ким мектеп әкімшілігіне оның отбасында болған қайғылы жағдайға, туған-туыстары мен достарының сезіміне, баланың естелігіне түсіністікпен қарауды сұрап, өтініш білдірді.

«Ұлымның атын еш жерде қолданбауларыңызды және әлеуметтік желілерде, әсіресе белдемше киюді насихаттайтын жазба жарияламауларыңыды, соған қатысты акция мен шараларды тоқтатуларыңызды сұраймын» деп жазды Виктор Романович. Сондай-ақ, отбасы оқушыға қысым көрсетілгені туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың, оның психологиялық мәселелері бар екені туралы ақпараттың ешбірі шындыққа жанаспайтынын айтты. Қаза тапқан оқушының ата-анасы мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісі мен психологқа ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді», - делінген хабарламада.

НЗМ қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқанын, мектеп баланың және оның жақындарының мүддесі үшін қосымша ақпаратты жария етпейтінін және егжей-тегжейлі түсініктеме бермейтінін еске салды.

Еске сала кетсек, Еске сала кетсек, 27 қазанда Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қаза тапқан болатын. 29 қазан күні НЗМ оқушылары «юбка» киіп қарсылық акциясына шықты. Сондай-ақ, құқық қорғаушы Дина Тәңсәрі Фейсбук парақшасына өзіне қол салған оқушы мен сынып жетекшісінің арасында болған әңгімені жариялады.