Тоқаев тасқын судан зардап шеккен өңірлердің біріне барады

Ulysmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні су басып жатқан өңірлердің біріне баратын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ақорда

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Алайда нақты қай облыс, қай ауданға баратыны әзірге айтылмады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, - деп жазды Уәли.