Жедел штабтың отырысын өткізеді: Президент Батыс Қазақстан облысына барды

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ақорда

Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді, – делінген Ақорда хабарламасында.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.

Қазақстанның бірнеше өңірінің халқы неше күннен бері су тасқыны азабын көріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқының жағдайына “тұрақты-күрделі” деп баға береді. Батыс аймақтарда су аздап төмендеген, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланған.