Туризм және спорт экс-министрі Темірхан Досмұхамбетов өмірден озды

Ulysmedia

Қазақстанның бұрынғы туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов өмірден озды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Темірхан Досмұхамбетов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі, 2003-2004 жылдары елорда әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Президент іс басқармасының, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болған.

Ол соңғы жылдары «Байсерке-Агро» агроөнеркәсіптік холдингін басқарды.

«Спорт және туризм экс-министрі, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, жан-жақты дарынды, әрі белсенді тұлға, Қазақстанда спорт пен туризмді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан жоғары білікті кадрларды даярлау әдістемесін әзірлеушілердің бірі Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов өмірден озды», - деп хабарлады Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі.