Қастандық жасалды: Тоқаев Словакия Премьер-министрінің сауығып кетуін тіледі

Қалижан Бектемір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Тоқаев не деді

Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, – делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Толығырақ

Айта кетсек, кеше Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атқан. Саясаткердің үш жерінен оқ жарақатын алғаны, қазір ауруханада ауыр жағдайда жатқаны белгілі. 

Журналистердің айтуынша, Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылған. Премьер-министрді ауруханаға алып кеткен. Шабуылдаған адам ұсталды.