Ұлттық компания 1 теңгеге сатылды

Ulysmedia

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) 100% акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына берілгені туралы мәлімдеді. Мәміле сомасы – 1 теңге деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Фото: ашық дереккөзден

Бұл қадам ел басшылығының газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық операторды құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

«Айта кетейік, ҚТГ-ның бөлінуі нәтижесінде ҚМГ қарызы 1,1 млрд АҚШ долларына (берілген кепілдіктерді есептегенде 1,6 млрд долларға) азаяды», делінген Қазмұнайгаз таратқан ақпаратта.