Қоғам жеңісі: EGov Сберге берілмейтін болды

Ulysmedia

Ресейлік Сберге отандық электрондық платформа берілмейтін болды. Елімізді цифрландыру мәселесімен әрі қарай тек қазақстандық IT компаниялар айналысады. Бұл туралы құзырлы министрлік жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz .

Фото: Ашық дереккөзден

“Бұл азаматтық қоғамның, яғни сіз бен біздің үлесіміз”, – деп атап өтті қоғам белсендісі цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге сілтеме жасай отырып.

Тиісінше Қазақстан азаматтарының жеке дерегі сыртқа тарамайды. Сонымен қатар, 500 млн доллар төңірегіндегі қаржы да жалпы алғанда ел ішінде қалмақ.