Зілзаладан зардап шеккендер саны 70-ке жетті

Ulysmedia

Иранның оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 70-ке жетті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Иранның Хормозган өлкесінде әбігерге салған зілзаладан бір адамның қайтыс болғаны мәлімделуде.

“22 адам ауруханаға түсті”, – дейді елдегі төтенше жағдайлар ұйымының басшысы Жафар Миадфар.

Табиғи апаттың күші 6,3 магнитудаға жетіп отыр. Жерасты дүмпулері 350 мыңнан астам адам тұратын Бендер-Аббас қаласынан 60 шақырым қашықтықта байқалған.