Тоқаев ҰҚК басшысының орынбасары Қолқабаевты қызметінен босатты

Сырым Қаржас

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қолқабаевты қызметінен босату туралы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Ақорда президенттің өкімімен Марат Өмірбекұлы Қолқабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылғанын хабарланды.

Ол жайлы не белгілі

Ол ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, генерал-майор. Қызметін 1984 жылы бастаған. 1995 жылдан 2013 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарды атқарды. 2013 жылдың күзінде ҰҚК басшысының орынбасары болды.