Жаңа саяси маусым: ел ішінде есімі ең танымал депутаттар қатарында кімдер бар

Сырым Қаржас

Бүгін, яғни 2 қыркүйекте елде жаңа саяси маусым басталады. Жазғы каникулдан тек оқушылар ғана емес, Парламент депутаттары да шығады.

Ulysmedia.kz редакция осы ретте сауалнама жүргізіп, Қазақстан азаматтары "халық қалаулыларын" қаншалықты жақсы танитынын анықтап көрді. Біз ол үшін ең ірі екі қала – Астана мен Алматыда тұрғындарының пікірін сұрап көрдік.

Коллаж Ulysmedia

Саяси сауаттан ба, әлде... 

Біз көшеде жүргізген сауалнамаға барлығы 60 адам қатысты. Басым көпшілігі бірде-бір депутаттың есімін атай алмады.  

Парламентте жалпы 148 депутат жұмыс істейді. Оның 98-і Мәжілісте, қалған 50-і Сенатта отыр. 

Респонденттердің 70% – Астана мен Алматы тұрғындары бірде-бір есімді атай алмады. 

   - Біз қарапайым адамдармыз, білмейміз.
   - Мен саясатқа қызықпаймын - міне, көбінің жауабы осындай болды.

Алматының мына бір тұрғыны саясатқа мүлде қызықпайтынын, оны пайдасыз іс деп санайтынын айтады.

– Мен олардың кім екенін мүлде танымаймын. Бірде-бір депутатты білмеймін. Менің ойымша, ол жерде әркім өзінің немесе басқалардың мүддесін қорғайды. Мінберден бір сөз айтылады, ал өмірде олар басқаша әрекет етеді, - дейді ол. 

Аты бар депутаттар  

Тек 18 адам парламентшілердің бір немесе бірнеше есімін есіне түсіре алды. 
 
Бір қызығы, елорда — елдің саяси орталығынан гөрі Алматыда депутаттарды білетіндер көп болып шықты. 
 
Біз депутаттық корпус туралы жастардан гөрі егде жастағы адамдар көбірек білетініне назар аудардық. Жастардың көбі сұрағымызға тосылып қалды. Сауалнамаға қатысқандардың 42-сі саясатқа қызықпайтынын айтты, сондықтан олар депутаттарды атымен білмейтін болып шықты.

Тағы 18 адам Ринат Заитов, Ермұрат Бапи және Бақытжан Базарбектің атын атады. Бұл қатарда Асхат Аймағамбетов те бар.

– Бізде көптеген депутат бар, мен қазір бәрін тізімдемеймін. Бізде Ринат Зайытов, жақсы сөздерді айтады. Заңгер Бақытжан Базарбек, Ермұрат Бапи, Нартай Аралбайұлын білеміз, - деді астаналық зейнеткер Гүлайхан. 

Орта жастағы ер адам, әдетте, бизнестің мүдделерін білдіретін және құмар ойындарға қарсы шыққан мәжілісмен Руслан Берденовты атады.

– Мен екі партияны білемін. Олар Аманат және Республика. Депутаттардан Руслан Берденов бар. Маған оның көтеретін мәселелері ұнайды — букмекерлік кеңселер, құмар ойындар туралы айтады, - дейді астаналық Дәулет есімді жігіт.

Сонымен қатар, респонденттер Дәулет Тұрлыхановтың есімін жиі атайды. Оны 5 адам еске алды, бірақ Парламенттегі жұмысының арқасында емес, оның отбасына даулардан біледі екен.

– Депутат Базарбекті білемін, ол заңгер. Ол жақсы сөздер айтатын сияқты. Содан кейін бұл Тұрлыханов бар. Оның басы даудан арылмайды. Оның балалары әйелдерін ұрады. Сондайын естідім, - деп бөлісті Алматыдан келген адам.

Сауалнаманың толық бейнесін біздің әлеуметтік желілерден көре аласыздар. 

Еске сала кетейік, жазғы демалыстан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы бүгін өтеді, онда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялайды.