Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.
Оқи отырыңыз: Төрт жылда тасы өрге домалаған жаңа министр туралы не белгілі
Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.