АЭС бойынша референдум: Тоқаев ОСК төрағасына нақты тапсырма берді

Қалижан Бектемір

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ақорда

Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Энергия тапшылығының қаупі қандай? АЭС салудан халық неге қорқады? Тариф өсіп кетпей ме?

Еске салсақ, АЭС бойынша референдум биыл 6 қазанда өтеді. 

EGov mobile қосымшасында АЭС-ке қатысты жаңа бөлім құрылды.

АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады.