Тоқаев ҰҚК төрағасының қос орынбасарын тағайындады

Әлихан Асқақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

КІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ақорданың мәліметінше, Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

КІМ КЕТТІ

Ал мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан кеткен.