Зейнетақы шегіне қатысты қате ақпарат жариялаған Еңбекмині қызметкері жазаланды

Ulysmedia

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кеше таратылған баспасөз хабарламасында зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу мәселесінде, БЖЗҚ-мен өзара өз құзыретін айқындауда бұрыс тұжырымға жол берілгенін мойындады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Тиісінше ақпаратты министрліктің ресми сайтында, аккаунттарында және әлеуметтік медиада орналастырған қызметкерге тәртіптік жазалау шаралары қолданылған.

Дегенмен аталған құзырлы орын ресми ұстанымы өзгеріссіз қалатынын, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуші болып табылатынын жеткізді.

«2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған, өйткені оның ағымдағы нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді», – делінген бүгін жарық көрген министрлік хабарламасында.

Әдістемеге сәйкес жеткіліктілік шегін көтеруге әсер еткен ең төменгі жалақының 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде 60 мың теңге болатыны белгілі.

Осы орайда, ерекше атап өтер жайт, БЖЗҚ шотындағы артық қаржыны алуға мүмкіндік беретін жеткілікті соманың жаңа жылдан бастап екі есеге жуық өсетіні сол күйі өзгеріссіз қалып отыр.