Ким, Смағұлов, Өтемұратов. Тоқаевпен кездесуде кімдер болды

Сырым Қаржас

Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметі кездесуден бірнеше суретті жариялады. Кадрлардан белгілі бизнес өкілдерін көруге болады: 

  • Halyk Bank басқарма басшысы Үміт Шаяхметова;
  • кәсіпкер Болат Өтемұратов;
  • Freedom басшысы Тимур Турлов;
  • Kaspi басқарма басшысы Вячеслав Ким;
  • Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов;
  • BI Group басшысы Айдын Рахымбаев;
  • кәсіпкер Тимур Құлыбаев.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ 

Тоқаев кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн деген.

Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс, – дейді ол.

Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс деп қайталап айтқан Тоқаев.

Бір анығы, үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс. Мен бұған дейін де айттым: Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚОСЫМША ҚҰН САЛЫҒЫ

Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді. 

Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді.