Әлем чемпионы «Құрметті азамат» атанды

Ulysmedia

Олимпиадасының жеңімпазы, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атанды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан чемпионаты аясында туған жерінде осылай ардақталған Даниярмен бірге, оны баптайтын әкесі Марат Елеусіновке де алғыс білдірілді. 

Еске сала кетсек, 18 желтоқсан елордада өткен бокс кешінде, басты жекпе-жекте қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салып, отандасымыз жеңіске жетті.

Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте Нұр-Сұлтан құрамасы көш бастаса, екінші орынды Түркістан облысының құрамасы иеленіп, үздік үштікті Қарағанды ​​облысының боксшылары түйіндеді.