Бүгін жаңа Үкімет басшысының есімі белгілі болады

Ulysmedia

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің желідегі парақшасында бүгін жаңа Үкімет басшысының есімі белгілі болып, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты кеңінен ой қозғалатынын жеткізді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден
«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды. Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді», – деп құлағдар етті ол.
Еске сала кетсек, елдегі толқулар нәтижесінде Үкімет отставкаға кетіп, бірқатар ауыс-түйістер орын алған болатын. Үкімет жетекшісінің міндетін Әлихан Смайылов уақытша атқарып жатыр.