Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тоқаевтың айтуынша, ультраұлтшылдық пен патриотизмнің ара-жігін ажыратпай, ұқсастырып жіберу қаупі күшейіп келеді.
– Біздің көз алдымызда ұғымдардың осылайша ауысуы, ең алдымен, жастарды адастырады. Сонымен қатар, оңшыл-консервативтік және либералдық идеологиялардың қақтығысуы үрдісі байқалады. Бұл кейбір елдерде саяси тұрақсыздыққа әкелуде. Қазақстанда осының бәріне – әлемдік ауқымдағы мәселелерге айрықша назар аударылады. Олар біздің ішкі саясатымыздың өзегінде тұр. Мен үшін ұлтаралық, дінаралық, халықаралық төзімділік пен өзара құрмет саясатын жүргізу аса маңызды, – деді Тоқаев.
Президент «алуандықтағы бірлікті» жоққа шығаруға бағытталған кез келген әрекетке жол берілмейтінін атап өтті.
– Оның ішінде елде тұрақты тұратын халықтардың тілдерін мемлекеттік қызметте және қоғамдық өмірде еркін қолдануды шектеу талпыныстары да бар. Мұндай әрекеттерге заң мен тәртіп қағидаттарына сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі, – деді мемлекет басшысы.