Император Нарухито Тоқаевты Жапония сарайында күтіп алды

Сырым Қаржас
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапонияның сыртқы істер министрі Такеши Ивая екіжақты әріптестіктің қазіргі жағдайы мен дамуын талқылаған болатын.

– Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән береміз. Премьер-министр Шигэру Исибаға жылы лебізімізді жеткізуіңізді сұраймын. Біз оның Қазақстанға ресми сапарын асыға күтіп, соған дайындалып жатырмыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді деп сеніммен айтуға болады, – деген еді мемлекет басшысы.

Жапония мен Орталық Азия ынтымақтастығы

Сондай-ақ Жапония үкіметі Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа арналған жаңа шеңберлік бағдарлама әзірлеп жатқаны хабарланған.