Қазақстанда жаңа парламент Құрылтай деп аталатын болады

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстанда жаңа парламент Құрылтай деп аталатын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанда жаңа парламент "Құрылтай" деп аталады. Бір палаталы парламентте 145 депутат болады.

- Еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Алдағы парламенттік реформа осы өзгерістердің өзегі болатыны анық. Жолдауда бірпалаталы парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл аса маңызды мәселе қоғамда кеңінен талқыланды. Былтыр 8 қазанда парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойдым.

Конституциялық реформа туралы қызу талқылаулар жүріп жатыр. Бірпалаталы парламентке көшу туралы бастаманы халық қолдап отыр десек қате болмас, – деді президент. 

Жаңа бір палаталы Парламентте Президенттік квотадан және Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған квотадан бас тарту ұсынылып отыр. Сонымен қатар, депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр. 

Заң қабылдау үш кезеңнен тұрады: 

  • Бірінші кезеңде депутаттар заң жобасын мақұлдайды
  • Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды
  • Соңынан заңды қабылдайды