Президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бүгін Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай барысында президент жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы айтты.
- Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін, – дейді президент.
Бірақ Тоқаев аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керегін айтты.
- Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным. Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін.
Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс, – дейді Тоқаев.
Соған сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады.