Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаты болған Айжан Ысқақова да Қазақстан халық партиясынан кететінін мәлімдеді. Ол – төменгі палата таратылғалы аталған партия қатарынан шығатын төртінші экс-депутат, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Мен өзім үшін күрделі шешім қабылдадым, Қазақстан Халық партиясының қатарынан кетуге бел будым. Партиядағы, Парламент Мәжілісіндегі қызметімде өзіе артылған сенімді ақтауға тырыстым және адал еңбек еттім. Әділ, әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің басымдықтары мен идеологиясын бөлісуді, сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ілгерілетуді жалғастыра беремін”, – деп жазды Ысқақова желідегі парақшасында.
Еске салсақ, бұдан бұрын Жамбыл Ахметбеков те Қазақстан Халық партиясы қатарынан шығатынын айтқан.
«Мен партияның принциптері мен бағдарламаларын толық қолдаймын. Алайда партияның қағидасыз әрі кәсібилігі жоқ жаңа басшылығы дұрыс істеп жатқан жоқ. Иә, олар жаңа адамдар келіп жатқанын айтады. Алайда үздік, адал адамдар партиядан кетіп жатыр. Осы көзқарасымды жаңа басшылыққа жеткізіп едім, олар мені тыңдамады», - дейді Ахметбеков.