Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тиісті қаулы Үкімет сайтында жарияланды.
Еске салайық, 4 қаңтарда Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Зүлфия Сүлейменова тағайындалған.
Бұдан бұрын жаңа министр өз ведомствосындағы жаппай ауыс-түйістер жайлы сыбысқа жауап берген еді.