Жыр болған LRT: Қасымбек астаналықтарға қандай уәде берді?

Ulysmedia

LRT келесі жылдың соңына дейін іске қосылады. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек осындай уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Әкімнің сөзінше, өткен жылы жер үсті метрополитенін салудың жаңа кезеңі басталған.

"Былтыр үкімет алғашқы қаражатты берді. Биыл бұл нысанның белсенді құрылысы жүргізіледі. Қазір жұмылдыру жұмыстары, сондай-ақ техника бойынша, LRT-де жұмыс істейтін болашақ сапарлар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. 2023-2024 жыл ішінде жоба іске асырылып, келесі жылдың соңына дейін қосылуы тиіс", - деді Жеңіс Қасымбек.

Еске салсақ, мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына жеке тоқталған.

«LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын»,  – деді Тоқаев.