Түркиялық компания Жамбылда қант өндіреді

Ulysmedia

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

«Елімізде тағы бір қант зауытын салу мәселесі ұзақ уақыт талқыланып келді. Түріктің Konya компаниясымен бірлесіп Шуда қант зауыт салынады. Қазір аталған жобаны қарастырып жатырмыз. Қант саласын дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін өндірісті 270 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді», - деді Серік Жұманғарин Үкіметтегі брифингте.

Министр Қазақстанда қант тапшылығы болмайтынына сендірді.

«2022 жылы елімізде 306 мың тонна қант өндірілді. Бұл өте жоғары нәтиже. Себебі бұған дейін көрсеткіш жылына 100 мыңнан сәл жоғары болған»- дейді Жұманғарин.

Айта кетейік, елімізде қант бағасы бір жыл ішінде шамамен 61 пайызға қымбаттаған.