Қазақстан арқылы өтетін қара және түсті металл транзиті шектелмек

Ulysmedia

Қазақстан арқылы темір жолмен тасымалданатын қара және түсті метал сынықтарының транзитіне шектеу қойылмақ. Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Мыс, алюминий, қорғасын, қара метал қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара метал құймалары, пайдалануда болған құбырлар, рельстер, теміржол төсемі мен жылжымалы құрам элементтері, қорғасын батареялары, құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар, химиялық түрі бойынша сұрыпталған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ, сұрыпталмаған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ түсті металдардың Қазақстан аумағы арқылы транзитін 3 жыл мерзімге шектеу енгізілсін» делінген құжатта.

Шектеу енгізілуі ықтимал түсті және қара металдардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Қаулыға қосымша берілген түсіндермеде жазылғандай, бұл жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық салаға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді.

Құжат 20 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.